hero-bg

Компания туралы Компания туралы

«Казцинк» - Қазақстанның түсті металлургия көшбасшыларының бірі

Компаниямыз – мыс, бағалы металдар және қорғасын сияқты ілеспе металл түрлерін көптеп қоса өндіретін интеграцияланған ірі мырыш өндіруші. Компанияның негізгі кәсіпорындары Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан, Ақмола және Ұлытау облыстарында орналасқан.

Компания 1997 жылы құрылды. Glencore International AG бас инвестор болды.

Казцинк өзі құрылғаннан бергі жылдар ішінде өндірістік қуаттар мен өнім өндіруді едәуір арттырды. 

Компания ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001 және ISO 50001 халықаралық стандарттарына сәйкес кен өндіруден бастап оларды тазартылған металдар ала отыра өңдеуге дейінгі түсті металдар өндірудің толық циклын қамтитын интеграцияланған сапа, қоршаған орта, денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігі менеджменті және энергия менеджменті жүйесін; өндірісті инфрақұрылыммен, көлікпен, ресурстармен қолдайтын және қамтамасыз ететін қосалқы бөлімшелер, сонымен бірге өндіріс қалдықтарын жою үдерістерін құрды.

Казцинк сапа менеджменті жүйесіне алғаш рет DIN EN ISO 9001 халықаралық стандартқа сәйкестік сертификатын 2004 жылы алды. Қазіргі уақытта бұл жүйе тиімді жұмыс істеуде және үнемі сапа менеджменті жүйесі мен қоршаған ортаның DIN EN ISO 9001 және DIN EN ISO 14001-ге сәйкестігіне растама сертификациядан өткізіліп тұрады.


Компания бөлімшелері орналасқан қалалардың әлеуметтік дамуына үнемі қатысып, маңызды жобаларына инвестиция салады, сонымен бірге Қазақстандағы сандық өндіріс флагмандырының бірі болуға ұмтылып, жаңа технологиялар енгізіп отырды.


«Казцинк» компаниялар тобыныц саясаты


Менеджмент жүйесінің ISO 45001:2018 стандарты талаптарына сәйкестік

Менеджмент жүйесінің ISO 14001:2015 стандарты талаптарына сәйкестік

Менеджмент жүйесінің ISO 9001:2015 стандарты талаптарына сәйкестік


 ㅤ

 

our-mission-bg rellax

Біздің міндетіміз

Жұртшылыққа, қоршаған ортаға және адамдар денсаулығына тәуекелді барынша азайта отырып, ілгерілей даму және табиғи ресурстар мен қуат көздерін ыждағаттықпен пайдалану арқылы өзіміздің меншік иелеріне, қызметкерлерімізге, әріптестеріміз бен қоғамға орнықты құндылық жасау.

Біздің құндылықтарымыз

Қауіпсіздік

Қауіпсіздік

Біз қауіпсіздікке қатысты мəселелерде ешқашан ымыраға бармаймыз. Біз бір-бірімізге қамқоршымыз жəне егер ол қауіпті болса, жұмысты тоқтатамыз.

Адалдық

Адалдық

Біз ауыр болса да дұрыс əрекеттен қорықпаймыз. Біз айтқан уəдені орындаймыз жəне бір-бірімізді алаламай, құрметпен қараймыз.

Жауапкершілік

Жауапкершілік

Біз өз əрекетіміз үшін жауаптымыз. Біз өз ойымызды білдіреміз жəне біз туралы пікірін білу үшін өзгені де тыңдаймыз. Біз коммерциялық жəне əлеуметтік салада, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс нəтижелілігін арттыруға тырысамыз.

Ашықтық

Ашықтық

Біз бір-бірімізбен қарым-қатынаста адалмыз жəне ашықпыз. Біз ақпаратты бөлісе, диалог пен кері байланысты қолдай отыра кемелденуге тырысамыз.

Қарапайымдылық

Қарапайымдылық

Біз жұмысты тиімді істейміз жəне басты назарды оның маңызды жағына аударамыз. Біз қажетсіз қиындықтарға жоламаймыз жəне қарапайым əрі прагматикалық шешімдерді іздейміз.

Кəсіпкерлік

Кəсіпкерлік

Біз жаңа идеяларды қолдаймыз жəне өзгерістерге тез бейімделеміз. Біз əрқашан бизнес тиімділігін арттырудың, сондай-ақ жұмыстың неғұрлым жетілдірілген жəне қауіпсіз əдістерін жасау үшін жаңа мүмкіндіктер іздейміз.

Біздің адамдар

Біздің адамдар

Біздің ең үлкен құндылығымыз – Адамдар. Біздің табысымыздың кепілі –қызметкерлеріміз. Біздің команда тəжірибелері, мəдениеті мен білімі əртүрлі талантты адамдардан тұрады. Казцинк – ниеттес жандардың үлкен командасы. Біздің ерекшелігіміз – құрметті көзқарас, сенім, адалдық пен ашықтық, бір-бірімізді тыңдау жəне түсіну, əріптестер қиындығына бейжай қарамау жəне шын пейілмен көмектесу. Біз бір-біріміз үшін жауаптымыз, еңбекте жоғары нəтижелерге жету үшін бір-бірімізге көмектесеміз, сəттілік қуанышы мен сəтсіздік қайғысына ортақтасамыз.

Біздің стратегиямыз

1

Адамға және қоршаған ортаға әсерді азайту:

Ең озық тәжірибелерді енгізуді жалғастыру және оларды жаңа технологиялардың дамуына қарай адамға зиянды әсерді төмендету және өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайту, сондай-ақ жазатайым оқиғалар мен кәсіби сырқаттардың асқыну ықтималдығын болдырмау мақсатында қолдану.

2

Пайдалылықты арттыру:

Кенорындары мен өндірістердегі өнімділік пен энергия тиімділігін арттыру, өнімнің өзіндік құнын төмендету үшін жаңа технологияларды, әдістерді енгізу арқылы өндірістік және басқару үдерістерін тұрақты түрде жетілдіріп отыру.

3

Өндіру ұзақтығын ұлғайту:

Жұмыс істеп тұрған кенорындары мен жаңа алаңшалар шектеріндегі геологиялық барлау жұмыстары жөніндегі мақсатты іс-шаралар негізінде геологиялық ресурстар мен резервтер өсімін қамтамасыз ету.

4

Өзіндік капиталды молайту:

Жаңа активтерді біріктіру және игеру арқылы Компанияны жергілікті және өңірлік ауқымда кеңейту. Жаңа активтер сатып алған кезде капиталдандыруды ең жоғарғы шекке жеткізуге бағытталған басты мақсатты көрсеткіштерді – сапаны, көлемді және адал бағалауды негізге алу.

5

Қабылдаған міндеттемелерді әрқашан орындау:

Қоршаған ортаны қорғау мен еңбек қауіпсіздігіне назар аудара отырып, Топтың барлық кәсіпорындарында, қатысымыз бар барлық өңірлерде корпоративтік және әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары стандарттарына сай болу.

Комплаенс және бизнес-этика

18.11.2022

Корпоративтік әдеп кодексі

Мы обязуемся следовать добросовестной деловой практике, при принятии решений руководствоваться целью по соблюдению и охране интересов акционеров, выполнять требования действующих международных норм и законодательства Республи...

Қараңыз

14.12.2022

Парақорлықпен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі саясат

Біз кіммен жұмыс жасасақ та және жергілікті әдет-ғұрыптар мен әдеттерге қарамастан, ешқашан сыбайлас жемқорлыққа араласпаймыз және пара бермейміз.

Қараңыз

19.11.2022

Ақша жылыстатуға қарсы күрес жөніндегі саясат

Біз бөгде адамдардың біздің компанияны өздерінің ақша жылыстату тәсіміне тарту қатері бар екенін түсінеміз. Біз сол сияқты жағдайларға жол бермеу және қолданыстағы барлық заңдарды сақтау мақсатында ондай қатерді басқару ша...

Қараңыз

19.11.2022

Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі саясат

Біз дербес деректермен жұмысты аса ұқыптылықпен атқарамыз және жеке адамдардың жеке өміріне деген құқығын құрметтейміз.

Қараңыз

19.11.2022

«Мүдделер тартысы» саясаты

Біз әрқашан Компанияның ең үздік мүдделері үшін әрекет етеміз және нақты, ықтимал немесе болжалды мүдделер тартысына жоламауға тырысамыз.

Қараңыз

19.11.2022

Қолданылатын санкция талаптарын сақтау жөніндегі саясат

Біз қолданылатын санкцияларды, эмбарго мен сауда бақылауын сақтаймыз.

Қараңыз

19.11.2022

Алаяқтықпен күрес жөніндегі саясат

Біз алаяқтық істерге қатыспаймыз және үшінші тұлғаларға алаяқтық іс-әрекеттер жасауға саналы түрде көмек көрсетпейміз немесе ықпал етпейміз.

Қараңыз

19.11.2022

«Нарықтағы мінез-құлық» саясаты

Біз өзіміз жұмыс істейтін нарықтарда белгіленген барық қағидалар мен нормативтік талаптарды түсінеміз және оларды орындаймыз.

Қараңыз

19.11.2022

«Қауіптер туралы хабарлама» саясаты

Біз барлық қауіптер мен бұзушылықтар туралы хабарларға немқұрайлы қарамаймыз және оларға тез шара қолданамыз. Егер Сіз өз қаупіңіз туралы хабарласаңыз, біз әрі қарай бұзылуды болдырмайтын алдын алу шараларын қолдана аламыз жә...

Қараңыз

МЕТАЛДАР МЕН МИНЕРАЛДАРДЫ ЖЕТКІЗУ ТІЗБЕГІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖАУАПТЫ ТӘЖІРИБЕ ЖӨНІНДЕГІ

Осы Саясат «Казцинк» ЖШС және оның еншілес кәсіпорындарының (бұдан әрі – Компания) жеткізушілерді/контрагенттерді жауапты таңдау бойынша қолданылатын қағидалар мен нормаларды сақтауды және «Жеткізушінің іскерлік әдеп кодексін...

Қараңыз

ЖЕТКІЗУШІНІҢ ІСКЕРЛІК ӘДЕП КОДЕКСІ

Жеткізушінің Іскерлік этика кодексінің ережелері жаңа серіктестермен қарым-қатынасты бастау үшін де, қазіргі серіктестермен ынтымақтастықты жалғастыру үшін де негіз болып табылады. Біз жауапты бизнесті дамыту және өркендету ү...

Қараңыз

Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу тізбегіне қатысты жауапты тәжірибе жөніндегі

Осы Саясат «Казцинк» компаниялар тобының жеткізушілерді/контрагенттерді жауапты таңдау бойынша қолданылатын қағидалар мен нормаларды сақтауды және «Жеткізушінің іскерлік әдеп кодексінің» ережелерін жүзеге асыруды қамтамасыз е...

Қараңыз

Нұсқаулық

Марапаттары

Парыз

Қазақстан Республикасының бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша сайыс аясындағы ең беделді мар...

Алтын Гефест

Қазақстандағы кен-металлургя саласындағы ең беделді марапат болып табылады

Қорған

Еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша «Қорған» ұлттық салалық сайысы Дүниежүзілік еңбек...

Хрусталь пирамида

Адам ресурстары менеджменті саласындағы «Хрусталь пирамида» халықаралық сыйлықақысын HR-Директорлар...

Алтын Жүрек

«Спортты қолдауы және дамытуы үшін» – бұл аталымда «Казцинктің» Ақмола облысындағы бөлімшесі «Altynt...

Алтын Сапа

Жыл сайын компанияларға өнімдер мен қызметтердің сапасын арттырудағы елеулі нәтижелері, сондай-ақ ба...