Өнім атауы:
кадмий.
Кадмийдің шағын мөлшерін Өскемен металлургия кешенінің мырыш заводында шыңарады. Бұл металл мырыш шикізатын қайта өңдеу кезіндегі жанама өнім болып табылады.
Өндірілетін орны
Өскемен металлургия кешенінің мырыш заводы
Технологиялық тәсімі
Кадмийді шаймалау, екі кезеңді цементтеу, кадмий ұнтағын брикеттеу, мырыш шикізатын қайта өңдеу өнімі - кадмий кеуегін қайта балқыту және вакуумдық тазарту.
Бір жылдағы өндіріс көлемдері:
Жылына 1200 тонна.
Қолданылуы
- зергерлік әшекейлер
- Кадмийді зергерлік істе алтынмен қосарлы балқыту (жасыл түсті), алтынмен және күміспен үштік балқыту және т.б. түрінде қолданады. Кадмий бағалы металдардан жасалған бұйымдарға түрлі реңк береді.
- атомдық реакторлар
- Кадмий нейтрондарды жақсы жұтады, бұл оны атомдық реакциялардың жылдамдығын реттейтін бақылаушы өзектер үшін қолдануға мүмкіндік береді.
- өрт сөндіргіштер
- Кадмийдің қорғасынмен, қалайымен және висмутпен жеңіл балқитын қорытпаларының балқу температурасы судың қайнау нүктесінен төмен болады. Бұл қорытпаларды электр сақтандырғыштарын, өрт дабылдамаларын, автоматты өрт сөндіргіштер мен бу қазандықтарының тығындарын дайындауда пайдаланылады.
- бояулар
- Күкіртті кадмийді бояу ісінде пайдаланады, ол майлы және желімді бояулардың ұүрамына енеді. Жоғары жиектеу бейімділігімен ерекшеленеді, осының арқасында күкіртті сутекке, күкіртті газға және басқа да атмосфералық әсерлерге берік болып келеді.
Cd (кем емес) | 99,960% |
Zn (артық емес) | 0,004% |
Pb (артық емес) | 0,020% |
Fe (артық емес) | 0,0020% |
Cu (артық емес) | 0,010% |
Tl (артық емес) | 0,003% |
Қоспалар, артық емес | 0,040% |