hero-bg

Күміс - «Казцинк» шығаратын екінші бағалы металл. 2019 жылы бұл металдың 4'546'000 унциясы шығарылды

Өскемен металлургия кешенінің аффинаж заводында күмісті Дорек балқымасын тазарту, күміс құрамды концентраттарды балқыту және әрі қарай қайта өңдеу нәтижесінде алады. Компания шағарған металл Лондон бағалы металдар биржасында (Deer маркасы) Good Delivery тізіліміне енгізілді.

Өнім атауы:

тазартылған күміс.

Өндірілетін орны

Өскемен металлургия кешенінің бағалы металдар өндіру заводы .

Технологиялық тәсімі

Мырышты сүзе отырып және әрі қарай конденсациялай отырып құрамында бағалы металлдар бар шикізатты балқыту, ҚМЗ қорғасынсыздау, күмісті электролиттік тазарту және құймакесектерге қайта балқыту.

Бір жылдағы өндіріс көлемдері:

Жылына 1 200 тонна.

Қолданылуы

  • батареялар
  • Күміс қосылыстарынан дайындалған батареялар өте жоғары энерготығыздыққа және массалық энергосыйымдылыққа ие, сондай-ақ азғана ішкі кедергі болған кезде өте үлкен ток беруге бейім болады.
  • монеталар
  • Бағалы металдардың жоғары құндылығы одан мерейтойлық, айрықша маңызды монеталар дайындауға негіз береді.
  • наградалар
  • Наградалардағы күмістің жоғарғы құрамы олардың ауа әсеріне берік болып қалуына мүмкіндік береді
  • қысқа толқынды пештер
  • Күмістің жоғары электр өткізгіштігі мен тотығуға беріктігі оны толқын өткізгіштердің ішкі бетін жабу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

Ag (кем емес)

99,99%

Au (артық емес)

0,0006%

Pt+Pd (артық емес)

0,001%

Bi (артық емес)

0,001%

Te (артық емес)

0,002%

Pb (артық емес)

0,002%

Fe (артық емес)

0,001%