Катодты мыс «Казцинк» өнімдерінің желісінде жуықта пайда болды. Алғашқы топтама 2011 жылы компнаияның жаңа өнеркәсіптік объектісінде – Өскемен металлургия кешенінің мыс заводында алынды. Осы уақыттан бастап мыс «Казцинк» шығаратын негізгі металдар қатарына енді. 2019 жылы бұл металдың 65'100 тоннасы өндірілді.
Мыс заводына арналған шикізат Алтай және Риддер қалаларының кеніштерінде өндіріледі. Кен байыту фабрикаларында қайта өңделеді, алынған концентраттар металлургия өндірісіне келіп түседі.
Ол жерде бес кезең енетін бірегей технологиялық тәсім бойынша дайын өнім – М1К, МООК жоғары маркалы катодты мыс жаймалары дайындалады. Барлық технологиялық қайта өңдеулерде заманауи шетел жабдықтары мен қолдағы шикізаттан пайдалы компоненттерді кешенді алуға, сондай-ақ қауіпсіз өндіріс шарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жұмыс әдістемелері қолданылады.
Өнім атауы:
катодты мыс.
Өндірілетін орны
Өскемен металлургия кешенінің мыс заводы.
Технологиялық тәсімі
ISASMELT балқыту – элект балқыту – конвертирлеу – оттық тазарту – электролиз ISAPROCESS.
Бір жылдағы өндіріс көлемдері:
жылына 70 000 тонна
Қолданылуы
- сымдар, кәбілдер
- Мыс жоғары ток өткізгіштікке ие және барлық металдардың ішінде тек күмістен ғана артта қалады, мыстың бұл қасиеті өзектері басқа металдардың қоспаларынсыз тек таза мыстан дайындалатын сымдар мен кәбілдердің тиімді жұмысы үшін қажет.
- автомобильдер
- Мыс электрді жақсы өткізеді, коррозияға берік, сондықтан автомобильдерде электр бөлшектер жасау кезінде таптырмайды.
- газ және электр пештері
- Мыстың жоғары жылу өткізгіштігі оны газ құбырларын, пештерде қақпақтар мен торшалар дайындауда пайдалануға мүмкіндік береді
- ыдыс
- Жоғары жылу өткізгіштік ас дайындау уақытын азайтады, тағам күймейді және жақсы піседі. Бұл металдың зарарсыздайтын қасиеті зеңдер мен бактериялардың тағамға енуіне мүмкіндік бермейді.
М00К | М0К | М1К | |
Сu (кем емес) | balance | 99,97% | 99,95% |
Bi (артық емес) | 0.0002% | 0.0005% | 0.001% |
Se (артық емес) | 0,0002% | - | - |
Te (артық емес) | 0,0002% | - | - |
Sb (артық емес) | 0,0004% | 0,001% | 0,002% |
As (артық емес) | 0,0005% | 0,001% | 0,002% |
P(артық емес) | - | 0,001% | 0,002% |
Pb(артық емес) | 0,0005% | 0,001% | 0,003% |
S (артық емес) | 0,0015% | 0,002% | 0,004% |
Sn (артық емес) | - | 0,001% | 0,002% |
Ni (артық емес) | - | 0,001% | 0,002% |
Fe (артық емес) | 0,001% | 0,001% | 0,003% |
Zn (артық емес) | - | 0,001% | 0,003% |
Ag (артық емес) | 0,002% | 0,002% | 0,002% |
O (артық емес) | 0,01% | 0,015% | 0,02% |