1978 жылы туған. Іскерлік әкімшілендіру, жарнама менеджменті және юриспруденция саласында төрт жоғары білімі бар. Сонымен қатар құрылыс саласында да біліктілігі бар. «Казцинкке» жұмысқа орналасқанға дейін бірнеше телерадиокомпаниялар мен ақпараттық агенттікте тілші, редактор және директор болып жұмыс атқарған. Компаниядағы еңбек жолын баспасөз хатшысы лауазымынан бастап, әрі қарай Еңбек ресурстары басқармасын басқарды. Заң ғылымдарының кандидаты және Халықаралық Бизнес Академиясының магистрі академиялық дәрежесі бар.
«Құрмет» орденімен (орден «Почета»), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» («К 20-летию Конституции Республики Казахстан») мерейтойлық медалімен, «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды, «Енбеқ даңқы» («Трудовая слава») төсбелгісінің толық иегері және Қазақстан Республикасы Білім беру министрлігінің «Білім меценаты» белгісінің лауреаты. 2017 жылы қызметкерлерді басқару және адами капиталды кемелдеу саласындағы жетістіктері үшін «ТМД 2017 жылғы HR-басшысы» аталымында ГРАН-ПРИ жеңіп алды.