hero-bg

«Казцинк» сапасы бүкіл әлемде танылған жоғары маркалы алтын шығарады. 2019 жылы осы металлдың 634'000 унциясы өндірілді.

Ақмола облысында орналасқан «Altyntau Kokshetau» Қазақстанның ең ірі алтын өндіретін кәсіпорны «Казцинктің» өнеркәсіптік алаңшалары қатарына енеді. Мұнда өндірілген кен жаңғыртылған байыту фабрикасында көп сатылы қайта өңдеуден өтеді. Мұндай әдіспен алынған Доре балқымасы Өскемен металлургиялық кешенінің аффинаж заводына түседі.

Бұл жерге Алтай және Риддер қалаларының кеніштерінде өндірілген байытылған алтын құрамдас шикізат келіп түседі.

«Казцинктің» өзіндік технологиясы бойынша бағалы металдар шығару жөніндегі заводта соңғы өнім – тазартылған алтын құймакесектерін дайындайды.

Өнім атауы:

тазартылған алтын.

Өндірілетін орны

Өскемен металлургия кешенінің бағалы металдар өндіру заводы.

Технологиялық тәсімі

Алтын құрамдас шикізатты анодтарға балқыту, электролит дайындау, алтын электролизі және құймакесектерге қайта балқыту.

Бір жылдағы өндіріс көлемдері:

Жылына 47 000 кг.

Қолданылуы

  • ұшақтар
  • Алтын ұшатын аппараттардағы қозғалтқыш бөлшектерінің қосылыстарын және электр түйіспелерінің дәнекерленген жерлерін коррозиядан сақтайды
  • ғарыш зымырандары
  • Алтын жұқалтыр ғарыш кемелерін жоғары температура мен коррозиядан қорғайды
  • компьютерлер
  • смартфондар
  • Аналық тақшалар мен процессорлардағы барлық ағытпалар мен түйіспелерде, сондай-ақ смартфондардың бөлшектерінде сигналдардың өткізгіштігін барынша арттыру үшін алтынның жұқа қабаты салынады.

"Deer" LBMA Grade

Au (кем емес)

99,99%

Ag (кем емес)

0,005%

Pt (артық емес)

0,001%

Pd (артық емес)

0,003%

Cu (артық емес)

0,001%

Bi (артық емес)

0,001%

Sn (артық емес)

0,001%

Pb (артық емес)

0,001%

Fe (артық емес)

0,001%

Zn (артық емес)

0,001%