Біздің компания – Қазақстандағы аса ірі мырыш өндіруші. 2019 жылы біз бұл металдың 293'000 тоннасын өндірдік.
Құрамында мырыш бар кен Риддер және Алтай қалаларындағы кеніштерде, сондай-ақ Қарағанды облысының Жәйрем кенті карьерлерінде өндіріледі. Байытылғаннан кейін концентраттар Өскемен және Риддер металлургия кешендеріне келіп түседі. Бұл жерлерде дайын өнімдер: металл мырышы мен алюминий мырышы шығарылады.
Өнімнің атауы:
ЦВ, ЦВ0, Ц0А маркалы мырыш.
Өндірілетін орны
Өскемен металлургия кешенінің мырыш заводы.
Технологиялық тәсімі
Мырыш концентраттарын күйдіру, өртендіні сілтісіздендіру, екісатылы тазарту, мырыш ерітінділері электролизі және катодты мырышты қайта балқыту.
Бір жылдағы өндіріс көлемдері:
Жылына 305 000 тонна
Қолданылуы
- аккумуляторлар
- автомобильдер
- теңіз кемелері
- Мырыш коррозияға шалдыққан болат және мыс материалдарды тот басудан сақтайды. Көптеген заттарды жасауда пайдаланылады және оларды пайдалану мерзімін айтарлықтай арттырады
- теледидарлар
- Мырыш қосылыстары теледидар экрандарын жабындауға қажет, бұл олардың үнемі жарықтанып тұруын қамтамасыз етеді)
Мырыш ЦВ | Мырыш Ц0А | Мырыш ЦВ0 | |||||
Zn (кем емес) | 99,99% | 99,98% | 99,995% | ||||
Pb (артық емес) | 0,005% | 0,01% | 0,003% | ||||
Cu (артық емес) | 0,001% | 0,001% | 0,001% | ||||
Al (артық емес) | 0,005% | 0,005% | 0,005% | ||||
Sn (артық емес) | 0,001% | 0,001% | 0,001% | ||||
Cd (артық емес) | 0,002% | 0,003% | 0,002% | ||||
Fe (артық емес) | 0,003% | 0,003% | 0,002% | ||||
As (артық емес) | 0,0005% | 0,0005% | 0,0005% |
Алюминий мырышы қорытпасы
Өнімнің атауы:
алюминий мырышы қорытпа ЦА0 3, ЦАО 4.
Өндірілетін орны
Өскемен металлургия кешенінің мырыш заводы.
Технологиялық тәсімі
Мырыш концентраттарын күйдіру, өртендіні сілтісіздендіру, екісатылы тазарту, мырыш ерітінділері электролизі және катодты мырышты алюминий қоса отырып қайта балқыту.
Бір жылдағы өндіріс көлемдері: жылына 36 000 тонна
Қолданылуы
Қорытпалар және электртехникалық өнімдер өндіруде пайдаланылады.
Al | 0,25 - 0,45% |
Pb | 0,1 - 0,2% |
Fe (артық емес) | 0,01% |
Cd (артық емес) | 0,01% |
Cu (артық емес) | 0,002% |
Sn (артық емес) | 0,001% |
As (артық емес) | 0,0005% |
Zn | balance |