hero-bg

Касымова Мадина Витальевна Касымова Мадина Витальевна

Касымова Мадина Витальевна

Комплаенс және бизнес-этика жөніндегі атқарушы директор

1986 жылы туған. С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «Фармация» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ағылшын тілінің аудармашысы қосымша білімі бар. Еңбек жолын 2009 жылы «Medical Union Pharmaceuticals» халықаралық фармацевтикалық компаниясында нормативтік сәйкестік мәселелері жөніндегі маман ретінде бастады.

2012 жылы Мадина Витальевна өз мансабын «Takeda Pharmaceuticals» жаһандық фармацевтикалық зерттеу компаниясында жалғастырды, бұл жерде ол Орталық Азиядағы Өңірлік комплаенс офицерге дейінгі еңбек жолын жүріп өтті. Төрт жылдан кейін ол Орталық Азия мен Кавказдағы Sanofi Aventis халықаралық француз фармацевтикалық компаниясында Комплаенс басқармасына басшылық етті.

Комплаенс бағытында Ұлыбританияда, Швейцарияда, Түркияда, Сингапурда және Францияда кәсіби оқудан өтті.

2020 жылы «Казцинк» компаниясы Комплаенс-бақылау басқармасының бастығы лауазымына келіп, өмірін металлургиямен байланыстырды.

2023 жылғы ақпан айында ол компанияның аттас департаментінің бастығы ретіндегі міндеттері сақтала отырып, Комплаенс және бизнес-этика жөніндегі атқарушы директор болып тағайындалды.