Сынапты күкірт қышқыл заводынің шөгінділерін (кен материалдарын шаю кезіндегі тұнба) қайта өңдеу нәтижесінде алады. Қорғасын заводы бұл заттекті шағын мөлшерде шығарады.
Өнім атауы:
сынап.
Өндірілетін орны
Өскемен металлургия кешені қорғасын заводы.
Технологиялық тәсімі
Сульфидті қойыртпақ дайындау, ЦРС аппаратында сынапты цементтеу, күкірт қышқыл заводы жуу мұнараларының шөгінділерін қайта өңдеу кезінде металл сынапты химиялық және вакуумдық тазарту.
Бір жылдағы өндіріс көлемдері:
Жылына 12 тонна.
Қолданылуы
- барометрлер және термометрлер
- Сынап температура әсерінен көлемін өзгертеді. Тепература жоғарылаған кезде артады, төмендеген кезде азаяды. Термометр жұмысының принципі осы қасиетке негізделген.
- люминесцентті шамдар
- Сынап буларындағы электр разряды ультракүлгін сәулелену туғызады, бұл көрінетін жарыққа түрленеді.
- теңіз кемелеріне арналған бояу
- Сынап теңіз хлорының әсерінен бактерияларды улайтын заттек түзеді. Бұл теңізде тіршілік ететін микроағзалардың кеме түбіне бекінуіне және металл бөлшектердің корррозиясы мен тозуына мүмкіндік бермейді.
- тебіскі қалпақтар
- Сынап құрамындағы тұздар мамықты жақсы майсыздандырады.
Сынап | Сынап %, кем емес | Ұшпайтын қалдық %, артық емес |
РО | 99,999% | 0,0004% |
Р1 | 99,999% | 0,001% |
Р2 | 99,99% | 0,010% |
Р3 | 99,9% | 0,1% |