hero-bg

«Казцинк» - Қазақстанда қорғасын шығару жөнінде көшбасшылық орын алады. 2019 жылы бұл металлдың 129'000 тонна шығарылды.

Компанияның Риддер және Алтай қалаларындағы  кеніштерінде құрамында қорғасын бар кен өндіріледі. Қарағанды облысындағы Жәйрем полиметалл кенорны бұл металлдың үлкен қорына ие.

Алынған кен компанияның үш байыту фабрикасында қайта өңделеді, бұдан кейін құрамында қорғасын бар концентраттар түрінде Өскемен металлургия кешеніне келіп түседі. Бұл жерде технологиялық балқыту және гидрометаллургиялық үдерістер нәтижесінде сатуға дайын өнім – тазартылған қорғасын дайындалады.

Өнім атауы:

С1 – С маркалы тазартылған қорғасын

Өндірілетін орны

Өскемен металлургия кешенінің қорғасын заводы.

Технологиялық тәсімі

ISASMELT балқыту – шахталық балқыту – тазарту.

Бір жылдағы өндіріс көлемдері:

Жылына 150 000 тонна.

Қолданылуы

  • трансформаторлар
  • Қорғасынның жоғары температура кезіндегі жоғары өткізгіштігі оны жоғары өткізгіш трансформаторлардың орамы кезінде пайдалануға мүмкіндік береді
  • бояулар
  • Ақ сыр құрамында металл құрылмаларды корррозиядан қорғайды, қорғасында пайдалана отырып дайындалатын, жоса деп аталатын ашық-қызыл бояумен кемелердің суасты бөліктерін сырлайды
  •  пластик терезелер
  • Қорғасын қосылыстары терезе пішіндерін дайындау кезінде қоспалардың ыдырауының алдын алады.
  • жапсырмалы моншақтар
  • Қорғасын оксиді шыныдан жасалған бұйымдарға жылтырлық және мөлдірлік береді, бұл ол бұйымдарды бағалы тастарға ұқсас етеді.

"YK" LME Grade

Pb

99,994%

Ag

0,0005%

Cu

0,0004%

Zn

0,0005%

Bi

0,0030%

As

0,00038%

Sn

0,00033%

Cd

0,0002%

Ni

0,00029%

Sb

0,00034%