Оның құрамына мынандай бес завод кіреді:
- мырыш,
- қорғасын,
- мыс,
- бағалы металдар өндіру заводы
- күкірт қышқылы.
Барлық өндірістердің инфрақұрылымы ортақ. Заводтардың бір алаңда орналасуы кешеннің шикізаттан неғұрлым көбірек пайдалы құрамдастар айырып алуына мүмкіндік беретін бірегей технологиялық тәсімін құрайды.
Мырыш заводы
Заводқа қажетті шикізат – Малеев кенішінің және басқа да кәсіпорындардың сульфидті мырыш концентраттары болып табылады.
Қорғасын заводы
2012 жылы қорғасын өндірісі қайта құралмаланды, күкіртті ангидрид шығарындыларын азайту үшін заводта жаңа экологиялық ISASMELT технологиясы енгізілді.
ISASMELT технологиясы газдарды тиімді түрде қайтадан өңдеп, оларды тауарлы өнім – күкірт қышқылына айналдыруға мүмкіндік берді. Бұл зат – нарықта қажетті тауар болып табылады.
ISASMELT технологиясы балқыту жабдықтарының абсолютті бітеулігімен және сөйте тұра аз көлемде толықтай кәдеге жаратуға болатын концентрациясы жоғары газ алуға жарамдылығымен ерекшеленеді. Соның нәтижесінде 53 ең жаңа өңдеу тізбегі тоқтаусыз жұмыс істеп тұр.
Қорғасын өндірісі қайта құралмалау еңбек қауіпсіздігі мен өнімділігін арттыруға, жұмыскерлердің еңбек жағдайын жақсартуға, энергия сыйымдылығын азайтуға, пайдаланылған шикізатты ауқымды көлемде қайталап өңдеуге, экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік берді.
Мыс заводы
Қуаты – 70 мың тонна мыс өндіру.
«Казцинктің» ең жаңа өндірісі, 2011 жылы ашылған. Мыс заводының құрылысы төрт жыл жүргізілді. Жаңа өндірісті жобалауға, салуға, жарақтандыруға және іске қосуға Қазақстанның жетпіс компаниясынан, сондай-ақ әлемнің он мемлекетінің шетелдік компанияларынан бес мыңнан астам әртүрлі маман қатысты.
Жұмыста Австралияда, Германияда, Финляндияда және Швецияда пайдаланылып келе жатқан технологиялық тәсімдер мен жабдықтар қолданылады.
Мыс заводын салған кезде заманауи технологияларды пайдалану керемет нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Мыс өндірісі іске қосылғаннан кейін бірде-бір тонна қатты қалдық пайда болған емес. Суайналымы жүйесі зиянды заттардың тарауын болдырмауға мүмкіндік берді.
Бағалы металдар өндіру заводы
Тазартылған алтын «Казцинк» жасаған технология бойынша өндіріледі. Алтын мен күміс құйма түрінде шығарылады (олардың құрамындағы Au, Аg тиісінше 99,99%).
Аффинаж өндірісінің қуаты – жылына 52 т алтын және 990 т күміс өндіру, екі металл да бағалы металдардың Лондон биржасындағы Good Delivery (Deer маркасы) Тізіліміне енгізілген.
Күкірт қышқылы заводы
2012 жылға дайын «Казцинкте» құрамында күкірт бар газдарды кәдеге жаратудың екі тәсілі қолданылып келді, соның өзі теңдесі жоқ жағдай – көбінесе бір-ақ әдіс қолданылады. 2012 жылы мыс заводының газдарын қайтадан өңдеу үшін канадалық SNC бельгиялық Mecs компаниясы жасаған қостүйіспелі технология – қосарлы абсорбция технологиясы қолданылып, Lavalin фирмасының жобасы бойынша жаңа күкірт қышқылы заводы бой көтерді.
Сондай-ақ газдардан күкірт қышқылын өндіретін үшінші күкірт қышқылы цехы ашылды. Өзара байланысты үш күкірт қышқылы қондырғысы құрамында күкірт бар газдарды толықтай тазартуды қамтамасыз етуде.
Күкірт қышқылы цехының жабдықтарын басқару машықтарын жетілдіру үшін «Казцинкте» басқару пультінің үлгісіне өте ұқсас арнайы жаттығу құралы пайдаланылды. Ол техникаға цех жұмысының оннан астам сценарийі енгізілді: қалыпты режім, цехты іске қосу, жоспарлы тоқтату және бірнеше кездейсоқ жағдайлар нұсқалары. Жаттығу құралдарында үйрену күкірт қышқылы заводы мамандарының әртүрлі жағдайларда қажетті іс-әрекет сабақтастығын шебер меңгеруге мүмкіндік берді.