hero-bg

«Казцинк-Энерго» «Казцинк-Энерго»


Бөлімшенің негізгі міндеті: Өз электр желілері бойынша Компанияның өнеркәсіптік алаңдарына электр энергиясын беру және бөлу.

«Казцинк-Энерго» қызметкерлері желілік электр жабдықтарын сынақтан өткізеді және оларға диагностика жасайды, энергетикалық объектілерді жаңғыртумен және қайта құрылмалаумен шұғылданады.

2011 жылы Компания энергетиктерінің ерекше мақтанышы – ЭБЖ-31 іске қосылды. Ұзындығы 100 км болатын жоғарывольтті желі жүруге өте қиын таулы-орманды жерлерден, теңіз деңгейінен 600-1800 м биіктіктен өтеді.

Оны тарту үшін мамандарға бұлттан да жоғары биіктікте жұмыс істеуге тура келді.