hero-bg

Казцинк-Автоматика Казцинк-Автоматика

2009 ж. 1 қазанда жаңа құрылымдық бөлімше – «Казцинк-Автоматика» құрылды. Бөлімше технологиялық үдерістерді автоматтандыру, сондай-ақ байланыс, бейнебақылау, өрт және күзет сигнализациясы жүйелерін жасайды, өндірімке енгізеді және оларды реттеп-бақылап отырады.

«Казцинк-Автоматика» мамандары Қазақстанда тұңғыш рет Риддер-Сокольный және Тишин кеніштерінде радиосәулешығару желісінің канадалық жүйесін енгізді. Ол бүкіл кен қазбаларын толықтай радиобайланыспен қамтуға мүмкіндік береді.

2015 жылы «Сараптама және сертификаттау ұлттық орталығы» «Казцинк-Автоматиканы» «САПА» дипломымен және Белгісімен марапаттады.

Қазіргі кезде Жәйрем кен байыту комбинатының салынып жатқан фабрикасын автоматтандыру жүесі жасалуда. Жаңа өндіріс Қазақстандағы және әлемдегі жоғарытехнологиялық және жарақтандырылған өнеркәсіптік алаңдардың бірі болмақ.