hero-bg

Бұқтырма гидроэнергетика кешені Бұқтырма гидроэнергетика кешені

Орналасуы: Ертіс өзенінде, Серебрянск қаласынан ағыс бойынша 5 км жоғарыда.

Электростансасы ұзақмерзімдік концессия негізінде «Казцинк» құрамына кіреді.

Онда жиынтық қуаты 675 мВт болатын әрқайсысы 75 мВт-тық 9 агрегат орналасқан. БГЭК жылына 2,4 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндіреді, ол толықтай Компания бөлімшелерін электрмен жабдықтауға пайдаланылады.

Бұқтырма ГЭС-сы бөгені әлемдегі ең мықты бөген болып танылған.

Сарапшылар тұжырымы бойынша оның негізін ұстап тұрған материал беріктігін әлі 900 жыл сақтай алады екен.

2019 жылы Бұқтырма ГЭС-сындағы жұмыс істеп тұрған басқару пульті Канадада жасалған цифрлы үлгімен алмастырылды.

Құрылғы бұрынғыдан да көп технологиялық параметрлерді санай алады, ал ол әртүрлі үдерістерді бақылауға және агрегаттар қуатын реттеуге мүмкіндік береді.