hero-bg

Доброумов Андрей Юрьевич Доброумов Андрей Юрьевич

Доброумов Андрей Юрьевич

Техникалық атқарушы директор

1968 жылы туған. Томск политехникалық университетін «инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдаған. Екінші жоғары білімді менеджмент бағыты бойынша 2006 жылы Халықаралық бизнес академиясында алды. Өз еңбек жолын Кемеров облысындағы машина жасау кәсіпорындарында бастады. 1992 жылы Лениногор полиметалл комбинатына жұмысқа тұрды, Жөндеу-механикалық базасының перфораторлар учаскесінде мастер болды. Содан кейін Жөндеу-механикалық базасының құю цехының бастығы болды.

«Казцинк» құрылған кезде компанияда жұмысын жалғастырып, 2003 жылы Риддер жөндеу-механикалық заводының, кейін оның базасында құрылған «Казцинкмаш» кәсіпорнының бас инженері болып тағайындалды. Әрі қарай компанияның басқа бөлімшесін - «Казцинк-Ремсервис» кәсіпорнын басқарды. 2017 жылдан бастап «Казцинктің» техникалық атқарушы директоры. ІІІ дәрежелі «Енбеқ даңқы» төсбелгісімен (знак «Трудовая слава») марапатталды.