hero-bg

Әзекенов Тұрарбек Анарбекұлы Әзекенов Тұрарбек Анарбекұлы

Әзекенов Тұрарбек Анарбекұлы

Металлургия жөніндегі атқарушы директор, Өскемен металлургия кешенінің директоры

1964 жылы туған. Қазақ политехникалық институтын «инженер-металлург» мамандығы бойынша тәмамдаған. Оқуды аяқтағаннан кейін 1987 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинатына тазарту цехына балқытушы болып жұмысқа орналасты. Әрі қарай ауысым мастері, бастықтың орынбасары, кейін цех бастығы лауазымдарында жұмыс істеді. Кейін қорғасын заводының бас инженері, әрі қарай қорғасын заводының бастығы болды.

2011 жылы металлургия жөніндегі вице-президент лауазымын атқарды. Қазіргі таңда металлургия жөніндегі атқарушы директор, Өскемен металлургия кешенінің директоры. ІІІ және ІІ дәрежелі «Енбеқ даңқы» (знак «Трудовая слава») төсбелгісімен және «Құрмет» орденімен (орден «Почета») марапатталған. ҚР «Алтын Гефест-2014» Ұлттық Салалық Конкурсында «Жыл металлургы» аталымын жеңіп алды. «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» («К 20-летию Конституции») мерейтойлық медаліне ие.