hero-bg

Анисимов Игорь Николаевич Анисимов Игорь Николаевич

Анисимов Игорь Николаевич

Шығыс Қазақстан бойынша кен байыту өндірісі жөніндегі атқарушы директор

1974 жылы туған. Шығыс Қазақстан техникалық университетін «Инженер-механик», «Инженер-экономист, менеджер» мамандықтары бойынша тәмамдады. 2022 жылы Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде кен инженері мамандығын иеленді.

Еңбек қызметін 1992 жылы Лениногорск полиметалл комбинатында Тишин кеніші автослесарінің шәкірті ретінде бастады.

Университетті тәмамдағаннан кейін 1998 жылы «Казцинктің» Риддер кен байыту кешеніне жұмысқа орналасты. Бөлімшеде слесарьден бас инженердің кен жұмыстары жөніндегі орынбасарына дейінгі еңбек жолын жүріп өтті.

2004 жылдан бастап Риддердегі Шубинск кенішінің жұмысын басқарды.

2009 жылы Малеев кенішінің бас инженері және компанияның Алтай қаласындағы бөлімшесі бас менеджерінің технологиялық үдеріс жөніндегі орынбасары лауазымына ауысты. 2023 жылға дейін «Алтай» кен байыту кешенінің директоры болып қызмет етті.

2023 жылғы сәуір айынан бері Шығыс Қазақстан бойынша кен байыту өндірісі жөніндегі атқарушы директор қызметін атқаруда.

2009 және 2017 жылдары III және II дәрежелі «Кеншi даңқы» салалық төсбелгісімен марапатталды.