Риддерде автоматтандырылған экологиялық мониторинг жүйесі орнатылды Риддерде автоматтандырылған экологиялық мониторинг жүйесі орнатылды

FF02.07.2024

«Казцинк» ЖШС Риддер металлургия кешені күкірт қышқылы бөлімшесі мен вельцтеу цехының түтін құбырларында датчиктер пайда болды. Өндіріс үдерісінде пайда болған газ енді олардан тазартылып шығуда. Датчиктер азот оксидтерінің, күкірт диоксидінің, көміртек оксидінің және шаңның шоғырлануын көрсетіп тұратын болады.

Сонымен қатар Риддер металлургия және кен байыту кешендерінің сарқынды сулары ағып шығатын (тазарту сатысынан кейінгі) жерлеріне де арнакйы датчиктер орнатылды.

«Казцинк» бұл жүйені өңірде бірінші болып енгізді, оны орнатуға 4 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалды. Ақпарат датчиктерден онлайн режімінде экология және табиғи ресурстар министрлігіне түседі.

Бір атап өтерлігі – Риддерде қоршаған ортаға әсерді азайту жөнінде белсенді жұмыстар әрі қарай жүргізілуде. Атап айтқанда, 2017 жылдан 2023 жылға дейінгі аралықта шахта суларының он рет шығып кетуінің сегізі жойылды. Соның нәтижесінде өзен желісіне түсетін техногенді жүктеме 40%-ға азайды. Ондай мақсаттарға 350 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Қазіргі кезде Риддер-Сокольный кенішінің жұмыс істеп тұрған тазарту қондырғылары қайта құрылмалануда, ол сарқынды суларды тазарту тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.