«Казцинкте» Наурыз мейрамын атап өтті «Казцинкте» Наурыз мейрамын атап өтті

02.04.2024

22 наурыз күні бұрынғы металлургтердің мәдениет үйі алдындағы алаңда Достық үйі мен Қазақстан халықтары Ассамблеясы кен-металлургия компаниясымен бірлесіп ұйымдастырған ауқымды халықтық серуен болды.

Әртүрлі жастағы қонақтарға арнап түрлі ойын-сауық шаралары ұйымдастырылды, әртістер өнер көрсетті. Дәстүрлі киіз үйлерде ұлттық тағамдар мен тәттілер ұсынылды.

Сондай-ақ бұл күні металлургтер Наурызды Өскемен металлургия кешені алдындағы алаңда атап өтті. Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері түрлі конкурстарға қатысып, концерттік көріністерді тамашалады.

Одан басқа, «Казцинк» Өскеменде өткізілген екі бірдей мерекелік ауқымды шараның– орталық алаңдағы «Көзтартарлық киіз үй» конкурсының және 17 наурыз күні Комендантка жанында болған «Jastar Наурыз fest» жастар фестивалінің жүлде қорын қамтамасыз етті.FF