Риддер металлургия алаңшасының цехында мырышты қаттамалайтын робот пайда болды Риддер металлургия алаңшасының цехында мырышты қаттамалайтын робот пайда болды

13.01.2025

Күзде «Казцинк» Риддер металлургия алаңшасының электролит цехында мырышты қаттамалауға арналған роботтандырылған кешен орнатылды.

Индукциялық пеште катодты мырыш табақтарын балқытқаннан кейін металл айналмашақты машинаның құймақалыптарына құйылады, салқындатылғаннан кейін тасымалдағыш арқылы құйымдар роботтандырылған кешенге келіп түседі. Құрылғы оларды бір-бірден алады және белгілі бір ретпен 54 данадан қатарға жинайды. Осыдан кейін тауарлық мырыш дайын өнімнің қоймасына түседі, ол жерде салқындатылады, байланады және тұтынушыға тиеп-жөнелтіледі.

Құйымдардың нақты биіктігін және басқа параметрлерді бағдарламалау мүмкіндігі кешеннің ерекшелігі болып табылады. Сондай-ақ, робот қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне ие.