Өскемен Қорғасын заводы 70 жылдық мерейтойын атап өтті Өскемен Қорғасын заводы 70 жылдық мерейтойын атап өтті

1952 жылғы 25 маусымда Өскемен өнеркәсіптік алаңшасында алғашқы қорғасын алынды. Сол кезде құрылған кәсіпорын кейіннен «Казцинк» Өскемен металлургиялық кешенінің (ӨМК) құрамына енді. Қорғасын заводы негізі қаланған уақыттан бері заманауи жасақтамасымен және технологияларымен танымал.

Қорғасын өндірісі бір уақытта концентраттардың 12 түріне дейін өңдейді және оның соңғы өнімі титулдық қорғасын ғана емес. «Казцинктің» өзге бөлімшелері үшін дайын өнім мен металға бай шикізаттың бірнеше түрі шығарылады. Қорғасын заводының ерекшелігі – оның экологиялық тазалығы. 2012 жылы ауқымды жаңғырту жүргізіліп, күкіртті ангидрид шығарындыларын азайту үшін мұнда жаңа ISASMELT технологиясы енгізілді.

Бүгінгі таңда да кәсіпорын жетекші орындардан түскен емес. «Казцинк» Қазақстанда қорғасын шығару бойынша бірінші орында.