Өскемен металлургиялық кешенінің мырыш заводы 75 жылдық мерейтойын атап өтті Өскемен металлургиялық кешенінің мырыш заводы 75 жылдық мерейтойын атап өтті

75 жыл бұрын Өскеменде алғашқы мырыш алынды. Даңқты заводтың тарихы сол сәттен бастау алды.

1942 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Орджоникидзеден (қазіргі Владикавказ) «Электроцинк» заводының негізгі жабдықтары Өскеменге көшіріліп, 1943 жылы жаңа заводтың құрылысы басталды. Ал 1947 жылғы 25 қыркүйекте алғашқы электролиттік мырыш шығарылды.

«Казцинктің» құрылуымен Өскемен металлургиялық кешенінің Мырыш заводы тарихының жаңа парағын бастады. Бүгінгі таңда бөлімше жылына 193 000 тоннаға дейін мырыш өндіретін Қазақстандағы салалық өндірістің флагманы болып табылады. Бұл еліміздегі ең жоғары және ТМД елдеріндегі ең үлкен көрсеткіш.

Завод 75 жыл ішінде 13 686 126 тонна мырыш шығарды.