Риддердегі «Казцинк-Шахтострой» алаңында арнайы оқу полигоны құрылды Риддердегі «Казцинк-Шахтострой» алаңында арнайы оқу полигоны құрылды


Риддер оқыту орталығы (Шығыс Қазақстан) жаңа қызметкерлер даярлауды жетілдірді. Теориялық даярлық «Казцинк-Шахтострой» ӨК басшылығының бастамасымен құралған оқу полигонында тәжірибемен ұштастырылады.

Курсанттар Долинный кенішінің шахталарындағы заманауи механизмдерде қауіпсіз жұмыс машықтарына қанығады. Нақты өндіріске жақындатылған жағдайларда тиеу-жеткізу машиналарының (ТЖМ) бес машинисі, өздігінен жүретін жабдықты жөндейтін екі слесарь, сондай-ақ бекітуші мен үңгілеуші оқып шықты.

Оқу орталығы полигонын бітірушілерге бірінші рет біліктілік куәліктерін тапсырды.

Алдағы уақытта жерасты құрылысы мен кеніштердегі жұмыстарға қажетті мамандықтар тізбесі кеңейтілмек.