«Казцинк» қызметкерлеріне жоғары наградалар тапсырылды «Казцинк» қызметкерлеріне жоғары наградалар тапсырылды

23.07.2024

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов металлург күні Өскемен металлургия кешенінде мемлекеттік наградалар тапсырды.

«Казцинктің» Бас директоры Жанат Жанботин «Құрмет» орденімен марапатталды. Награда экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім беруді дамытуғы еңбегі үшін және белсенді қоғамдық жұмысы үшін беріледі.

Мыс заводының балқытушысы Амантай Райысов пен Риддер кен байыту кешені байыту фабрикасының мастері Нұржан Тәңірбергенова да «Құрмет» орденімен марапатталды, награданы олар республика астанасында алатын болады.