«Казцинктің» әлеуметтік жобасы кезекті наградаға ие болды «Казцинктің» әлеуметтік жобасы кезекті наградаға ие болды

15.04.2024

«Казцинктің» құлағы нашар еститін адамдар еңбек ететін бейнемониторинг орталығы «Ақ мерген» жұртшылықпен байланыс саласындағы қазақстандық конкурстың арнайы жүлдесіне ие болды.

Жоба «ESG және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік» саласындағы үздік жоба аталымына қатысқан болатын. Конкурс қорытындысында «Казцинк» арнайы жүлдеге ие болды.

Естеріңізде болса, 2023 жылғы сәуірде құлағы нашар еститін ондаған адам года жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болған-ды. Шығыс Қазақстан облысының аса ірі компаниясы өз өндірістік объектілерін күзету аясында бейнемониторинг орталығын іске қосқан болатын. Онда ерекше адамдар еңбек етеді, олар онлайн режімінде арнайы мониторлардан қауіпсіздікті қадағалап отырады. Жоба «Қазақстан саңыраулар қоғамымен» бірлесіп жүзеге асырылды.