Риддер металлургия кешені 55-жылдық мерейтойын атап өтті Риддер металлургия кешені 55-жылдық мерейтойын атап өтті

«Казцинктің» Риддер металлургия кешені бірден екі мерейтойын атап өтті: завод 55 жыл ішінде 5,5 миллион тонна мырыш өндірді.

РМК-нің өзі жұмыс істей бастағаннан бері өндірген өнімі 40 миллион жеңіл автомобильдің шанағын мырыштауға жетеді! Егер сол автомобильдерді бірінің артына бірін тізіп қойса, олар Жер экваторын төрт рет орап алуға жетер еді.

Риддер металлургия кешені (РМК) 1966 жылдан бері істейді, «Казцинктің» құрамында – 1997 жылдан. Кәсіпорын бүгінгі күні мынандай сапасы аса жоғары өнімдер шығарады: құрамында 99,995% титулды металл бар жоғары маркалы таурлы мырыш, мырыш-алюминий қорытпалары және аз мөлшерде күкірт қышқылы. Құрам тазалығы өте жоғары ЦВ 0 маркалы – аталған кәсіпорынның танысқы карточкаларының бірі.