Риддерде кенді жерүстіне жеткізуге арналған бірегей жүйе енгізілуде Риддерде кенді жерүстіне жеткізуге арналған бірегей жүйе енгізілуде

«Казцинктің» Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы бөлімшелерінің бірі – Долинный кенішінде бірегей шешім іске қосылуда. Канадада шығарылған «Rail Veyor» жүйесі кен мен таужыныстарды шахтадан жерүстіне жеткізуге арналған. Ұзындығы мен дизайн ерекшеліктері бойынша бұл әлемдегі жалғыз жүйе. Қазіргі уақытта ол іске қосу-баптау кезеңінен өткізілуде.

Бес құрам әлемдегі ең ұзын - 6 километрге жуық жолмен тәулік бойы дерлік айналады, ал қозғалыс жылдамдығы секундына 3 метрді құрайды. Кенді түсіру үшін үш ілмек орнатылған. Оның бұл ерекшелігі де бірегей - бүкіл әлем бойынша ұқсас жүйелерде бір ғана түсіру торабы бар. Жобалық жүктеме кезінде автоматтық режімде жүйе сағатына 300 тонна түсіре алады.