Президент «Казцинк» металлургін мемлекеттік тілді дамытқаны үшін марапаттады Президент «Казцинк» металлургін мемлекеттік тілді дамытқаны үшін марапаттады

10.05.2024

Халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік тілді дамытуға сіңірген еңбегі үшін Өскемен металлургия кешені Мырыш заводының күйдірушісі Сергей Панасюк «Шапағат» медалімен марапатталды.

Марапатты оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев табыстады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Сергей Александрович Шығыс Қазақстан облысының үздік жас кәсіби шебері болып танылған еді. 32 жастағы металлург бригадир және тәлімгер бола отырып, кәсібінде жетістікке жетті. Казцинк қызметкеріне өндірістегі ең кәсіби менторлардың бірі болу үшін, басқа дағдыларымен қатар, қазақ тілін білуінің де көмегі зор. Ол әкесінің арқасында бала кезінен қазақ тілін үйренген.