Қазақстан Президенті «Казцинктің» бас директорына жоғары атақ берді Қазақстан Президенті «Казцинктің» бас директорына жоғары атақ берді

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Казцинктің» бас директоры Александр Хмелевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.

Төсбелгіні Александр Хмелевке Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі салтанатты түрде табыс етті.

Награда Қазақстандағы ең жоғары айрықша дәреже болып саналады және елдің экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса көрнекті жетістіктер үшін беріледі. Қазіргі уақытта біздің мемлекетімізде осы құрметті атаққа тек 40 адам ие болды.

Александр Леонидович бастаған «Казцинк» 25 жылдай уақыт ішінде айтарлықтай өндірістік нәтижелерге қол жеткізіп, Қазақстанның түсті металлургиясының көшбасшыларының біріне айналды. Александр Хмелев «Казцинктің» әлеуметтік жұмыстарына қатысты маңызды шешімдерді де қабылдайды.

Ұжымы Александр Леонидовичті «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының берілуімен құттықтайды!