Риддерде кен ісі тарихына арналған музей ашылды Риддерде кен ісі тарихына арналған музей ашылды

Шығыс Қазақстанның ең ірі кен-металлургиялық компаниясы жаңа тарихи-мәдени жоба – Риддер кен металлургия тарихы музейін ашты. Жаңа қоғамдық кеңістікте кеншілер қаласының заманауи стильде дамуы көрсетіледі.

Музей «Казцинктің» кеңселерінің бірінде орналасқан. Мұнда риддерліктердің бір жарым ғасырдағы ең маңызды жетістіктерімен цифрлық форматта танысуға болады.

Қонақтар кеншілер ондаған жылдар бұрын пайдаланған арнаулы құрал-саймандар мен жабдықтарды көре алады. Сондай-ақ мұнда Қазақстандағы ең заманауи кеніштердің бірі болып табылатын Долинный кенішінің көлемді макеті ұсынылған. Экспонат ең технологиялық шешімдерді ескере отырып, кен өнеркәсібінің қалай жұмыс істейтінін түсінуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар келушілер Риддерде өндірілетін кен үлгілерімен де таныса алады.