«Казцинктің» Риддер металлургиялық кешенінде жұмыс істейтін Вадим Бедаев батыл ісі үшін марапатталды. Ол жақын пәтерде өрт шыққанын бірінші болып байқады. Пәтердің ішінде балалар бар екенін білген ол бірден көмекке ұмтылды.
Метталург, көршісімен бірге, есікті бұзып, түтінге оранған пәтердің ішіне жер бауырлай кірді. Ішінен бес жасар ұл баланы алып шығып, сол кезде келген құтқарушымен бірге баланы тірілтуге кірісті.
Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында екі бала мен олардың анасы құтқарылды.
Біраз уақыт өткен соң Вадим Бедаев өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті мемлекеттік органдардың және Риддер металлургиялық кешені кәсіподақ ұйымының атынан үш алғысхатқа ие болды.