Шығыс Қазақстанның тұрақты дамуына жағдай жасау іс-шаралары аясында Парламент комиссиясы «Казцинктің» Өскемен металлургия кешеніне (ӨМК) келіп кетті. Қонақтарға компанияның ауқымды табиғат қорғау бағдарламасы мен енгізілген технологиялары туралы айтылды.
Сенат (Парламенттің жоғарғы палатасы) Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, сондай-ақ ШҚО әкімі Ермек Көшербаев бастаған делегация компания басшылығымен кездесіп, өндірісте болды.
Компания өкілдері қонақтарға «Казцинк» туралы айта отырып, табиғат қорғау жұмыстарына ерекше көңіл аударды. Атмосфераға шығарындыларды азайту үшін озық қолжетімді технологияларды (ОҚТ) енгізу – ең өзекті міндеттердің бірі.
Қонақтар компания қолданып үлгерген табысты технологияларды атап өтіп, табиғат қорғау жұмыстарын одан әрі жетілдіру жөніндегі ойларымен бөлісFFті.