«Казцинк» бөлімшесі жүргізушілердің хал-күйін бақылау үшін заманауи жүйені пайдалануда «Казцинк» бөлімшесі жүргізушілердің хал-күйін бақылау үшін заманауи жүйені пайдалануда

«Казцинктің» Ақмола облысындағы алтын өндіруші бөлімшесі – «Altyntau Kokshetau» АҚ-ның кен және автомобиль техникасында «NoneSleep-АнтиСон» жүйесі пайдаланылуда.


Жүйе жүргізушінің көздері мен қарау бағытын бақылайды. Оның назарын басқаға аударуын, шаршағандығын немесе ұйқысы келе бастағанын танып, дереу дыбыс белгісін береді. Әрі қарай ақпаратты ұялы байланыс арқылы диспетчерлеу жүйесіне береді, ол жердегі мамандар ауытқуды бақылап, радиобайланыс арқылы жүргізушімен сөйлеседі.

Бағдарлама сондай-ақ көлік жүрісіне талдау жасау немесе қауіпті әрекет танытқан жүргізушіні анықтау үшін архивті пайдалануға да мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні аталған бөлімшеде «АнтиСон» жүйесінің 59 жиынтығы жұмыс істейді. Оның 33-і кен техникасына, ал 26-сы қызметкерлер тасымалдайтын автобустар мен көмекші техникаларға орнатылған.