«Казцинктің» Риддердегі машинажасау бөлімшесі - «Казцинкмаш» мамандары мерейтойлық 150-ші кеніш электровозын құрастырып шықты. Бұл кәсіпорын алғашқы электровозды 2001 жылы шығарған болатын.
Оларды шығару туралы шешім 2000 жылы қабылданған, ол кезде «Казцинк» кеніштеріне арнап электровоздар шығару міндетті тұрды.
2007 жылы ондай техника бірінші рет экспортқа жөнелтілді. Бүгінгі күні «Казцинкмаштың» жоғары сапалы әрі бағасы арзан электровоздарын Қазақстанның да, шет елдің де тау-кен компаниялары көптеп тұтынуда. Заманауи машиналар жетілдірілген қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандырылған, жеңіл басқарылады және сенімді.