«Казцинк» бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға шақырады «Казцинк» бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға шақырады

Компанияда ғылыми зерттеулерге арналған неғұрлым басым жобалар анықталды. Бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі мамандандырылған ұйымдар «Казцинктің» ғылыми-зерттеу Орталығының Office.NIC@kazzinc.com электронды мекенжайына ұсыныстарын, сауалдарын жолдай алады.

Зерттеу үшін қаралуға жататын тақырыптар тізімі:

 

т/б

 

 

Атауы 

 

Мақсаткүтілетін тиімділік

1

Кен өндірісі

1.1

Жәйрем кен байыту кешені Шығыс учаскесінің жерасты кендерін қазымдау нұсқаларын жасау (2024-2025 жж.)

Жерүсті объектілерін ескере отыра, қазымдаудың экономикалық жағынан тиімді технологиясын жасау


1.2

Жәйрем кен байыту кешені Дальнезападный учаскесінің өздігінен тұтанатын кендерін өндіру және байыту жөніндегі техникалық регламентті зерделеу және жасау (2023-24 жж.)

Технологияны өнеркәсіптік қауіпсіздік және экологиялық талаптар жөніндегі мәселелерді ескере отырып жасау


1.3

ҚР Экологиялық кодекс талаптарын ескере отырып, Чекмарь кенорнын қазымдауды жобалаудың өндіру және байыту жөніндегі техникалық регламентті зерделеу және жасау


Кен жұмыстары жоспарын жасау және жобалау үшін бастапқы деректерді, негізгі ережелер мен ұсыныстарды алу

1.4

Барланған, бірақ пайдаланылмаған кенорныдарының техникалық регламенттерін жасау (2023-2024 жж.)

Шикізат базасын қазымдауға тиімді жаңа объектілерді қосу есебінен кеңейту


2

 

Байыту өндірісі

2.1

Мырыш кендерінің қышылданған сұрып түрін байыту бойынша зертханалық зерттеулер жүргізу

Кен байыту мүмкіндіктерін бағалау

2.2

Мырыш қожын қайта өңдеу кезінде алынған мыс және түйіршіктелген концентраттардағы күшән құрамын азайту

Мыс концентраттарының сапасын қоспаларды азайту есебінен арттыру

2.3

Құрамында көміртек көп алтынкүшәнді концентратты селекциялау жөніндегі зерттеулер

Байыту өндірісіне қажетті қосымша шикізат алу


2.4

Полярландырылған микроскоптың көмегімен өтпелі жарықта кендер мен концентраттардағы жыныстардың сандық және заттық құрамын зерделеу бойынша минералогиялық талдау жасау


Заттық құрамды зерделеу негізінде зерттеулер жүргізу бойынша шешімдер қабылдау мүмкіндігі

2.5

Кремнийдің, калийдің, натрийдің қостотығын азайту есебінен мырыш концентратының сапасын арттыру.

Мырыш концентраттарының сапасын арттыру

3

Металлvргия өндірісі

3.1

Қорғасын өндірісінің құрамында мырыш бар қождарын гирометаллургиялық тәсілмен өңдеу

Экономикалық тұрғыдан орынды технология дайындау және экологиялық мәселелерді шешу

3.2

Мыс қождарын байытудың құрамында мырыш бар қалдықтарын гирометаллургиялық тәсілмен өңдеу

Экономикалық тұрғыдан орынды технология дайындау және экологиялық мәселелерді шешу

3.3

Күкіртқышқылы заводының жуу қышқылдарын қоспалардан тазарту

1-сұрыпты тауарлық қышқыл алу



3.4


Тәжірибеге енгізу жөніндегі техникалық шешімдерді дайындай отырып, металлургия өндірісі шаңдарының физикалық-химиялық қасиеттерін кәделеуіш қазандықтардық салқындатқыш беттеріне адгезия бөлігінде және электрсүзгілердің тәждеуіш электродтары беттеріне зерттеу



Металлургия агрегаттарының тоқтап тұру уақытын азайту, қайталама энергия ресурстарын өндіруді арттыру


3.5


Автомобиль катализаторларын өңдеудің жергілікті, экологиялық таза, автономды қондырғысының технологиясы мен жабдықталуын дайындау


Платина металдарының тауарлық концентратын алу. Қалдықсыз өндіріс.

Қоршаған ортаға түсетін экологиялық әсерді төмендету.






3.6



Ішкі үдерістерді онлайн режімде, кинетикалық және термодинамикалық функциялар мен параметрлерді падалана отырып модельдеуге мүмкіндік беретін кинетикалық модельдер жасау.



Пирометаллургиялық агрегаттардың (шахта пештерінің, қайнаушы қабат пештерінің, балқытудың автогендік пештерінің) параметрлері визуализациясымен тәжірибелік модельдерін алу:

- шикіқұрамның, балқымалардың, шаңдардың, газдардың агрегат ішіндегі қозғалысы:

үдерістердің жылу градиенттері және жылу беру үдерістері;

шығыс материалдарының және алынатын өнімдердің фазалар (газ, шаң, қатты, сұйық және т.б.) бойынша физикалық-химиялық сипаттамалары;

жылу және масса баланстары.

4

Экология


4.1


Қалдықтардың жаңа Экологиялық кодекс талаптарына сәйкес қауіпті қасиеттерін анықтау жөніндегі зерттеулер жасау


Экологиялық кодекстің 342-б. және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі м.а.-ның 2021 ж. 6 тамыздағы № 314 бұйрығында бекітілген критерийлерге сай келуін зерттеу


4.2

Қалдық қоймасының тотықтырғыш әуітіндегі судың химиялық, биологиялық көрсеткіштерін анықтау жөніндегі зерттеулер жасау


Суды белгіленген параметрлерге дейін өңдеу тәсілдерін анықтау