22 қыркүйекте Астанада Әйелдер кәсіпкерлігінің халықаралық конгресі өтті. «ASMAR – бірлік дәстүрлері» форумы іскер әйелдер, мемлекеттік органдар мен ірі отандық кәсіпорындардың өкілдері әйелдер кәсіпкерлігінің елдің тұрақты дамуына қосатын үлесін талқылаған ең ірі диалог алаңына айналды.
Іс-шараның ұйымдастырушылары «Атамекен» іскер әйелдер кеңесі мен Әйелдер кәсіпкерлігін тұрақты дамыту және қолдау қоры болды.
Отырыстардың спикерлері бизнес жүргізудің үздік тәжірибелері туралы айтып, осындай бастамаларды қолдау және дамытудың халықаралық тәжірибесін талқылады, сондай-ақ ел ішіндегі түрлі жобаларды қалай барынша жақсы қолдауға болатыны туралы пікір алмасты.
Конгресс аясында Қазақстанда алғаш рет гендерлік бағдарлы компанияға сертификат берілді. «Казцинк» өндірісте әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін сақтағаны үшін марапатқа ие болды. Компания мансаптық өсу, жалақы, әлеуметтік бастамалар мәселелерінде теңдікті ұстанады.