«Казцинк» Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы «Шыршаны қорғап, сақтаймыз» экологиялық іс-шарасының демеушісі болды. Акцияны ұйымдастырушылар –жергілікті табиғи қорықтың қызметкерлері, жаңа жыл қарсаңында жергілікті тұрғындарды үйді безендіруде жасанды нұсқаның пайдасына тірі қылқан жапырақтыдан бас тартуға шақырады. Көп жылдан бері осыған арналған арнайы шығармашылық конкурс бар. Биылғы жылы қатысушылар 250 түрлі жұмыс ұсынды, онда қылқан жапырақты ағаштарды кеспеудің неге соншалықты маңызды екендігі көркем суреттелген. Ал «Казцинк» түрлі аталымдардағы жеңімпаздар мен лауреаттарға сыйлықтар ұйымдастырды.
Қорық басшылығы байқаудың арқасында жергілікті ормандарда жаңажылдық мерекеде шырша кесу азайғанын атап өтті.