«Казцинк» Қазақстандағы балаларға арналған тұңғыш экологиялық сериал жасауға көмектесті «Казцинк» Қазақстандағы балаларға арналған тұңғыш экологиялық сериал жасауға көмектесті

Шығыс Қазақстанның ең ірі компаниясы өңіріміздің Білім басқармасымен және мамандандырылған валеологиялық мектеппен бірлесіп, экология жөніндегі танымдық бейнероликтер сериясын ұсынды. Бұл - бастауыш сынып оқушыларына арналған, Валеошка есімді кейіпкер қоршаған әлемге қамқорлық жасаудың неліктен маңызды екендігі туралы әңгімелейтін ерекше сериал.

Қызықты әрі қолжетімді түрдегі роликтер циклі оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балаларға экология дегеннің не екенін, белгілі бір табиғи құбылыстардың қалай пайда болатынын және адамның табиғатқа қалай әсер ететінін түсіндіреді.

Экосабақтар жинағын «Казцинк» кәсіпқойлар командасы: Валеологиялық мектеппен бірлесе және Халықаралық экология ғылымы академиясының қолдауымен жасады. Сериал тұрақты даму және табиғатқа деген жауапты көзқарас тұжырымына толық сай келеді.

Сериалдың бірінші маусымы Шығыс Қазақстан мектептерінде таратылады. Мұғалімдер оны оқу үдерісінде немесе сыныптан тыс жұмыстарда пайдалана алады. Материал бос уақытты қызықты әрі пайдалы өткізу үшін үйде оқып-үйренуге де қолайлы. Ата-аналар үшін роликтер YouTube платформасында жарияланды.