10 мамыр күні Қазақстанның шығысында алапат орман өрті болды. Алдын ала деректерге қарағанда өртенген алаң 300 гектарды құрады. 40-қа тарта үй өртенді, қарт әйел қаза тауып, екі адамды күйік шалды.
Компания кеніштерінің көпшілігі, сондай-ақ ірі машина жасау металлургия өндірістері Риддерде орналасқан. «Казцинк» қала негізін салушы кәсіпорын ретінде баспанасыз қалған әр отбасына миллион теңгеден материалдық көмек көрсетуге шешім қабылдады.
«Казцинк» тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіргеннен кейін зардап шеккендерді өз профилакторийіне жайластырып, үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етті. Ол адамдар тамыздың ортасына дейін, яғни, атқарушы билік органдары «Ботаника» ауданында жаңадан жекеменшік үйлер тұрғызғанға дейін сонда тұратын болады.
Компанияда кеншілер қаласының зардап шеккен тұрғындарына өз ниетімен қол ұшын бергісі келгендерден киім-кешек жинау басталып та кетті.