Шығыс Қазақстан өңірінің ең ірі компаниясы коронавирус пандемиясы кезеңінде медициналық мекемелерге қолдау көрсетуді жалғастыруда. «Казцинк» медициналық мақсатта – ауыр сырқаттанған пациенттерге көмек көрсету үшін оттегі берді.
COVID-19-бен сырқаттанғандар санының артуына байланысты ковид стационары орналасқан №4 қалалық ауруханаға (Өскемен) арнаулы сұйық оттегі аса қажет. «Казцинкке» пациенттер үшін маңызды құрамдаспен қамтамасыз етуге көмектесу туралы өтініш түсті. Компания коронавирус пневмониясы бар науқастарды емдеуге пайдаланылатын сұйық оттегімен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады. Металлургтер апта сайын қажетті заттектің бірнеше тоннасын беріп отырады.
Металлургияда оттегі кейбір түсті металдар алуға және оларды қорытуға – яғни, техникалық мақсаттарда пайдаланылады. Қажетті зертханалық талдаулар жасалып, бұл заттекті медициналық қажеттіліктер үшін де пайдалану мүмкіндігінің бар екені расталды.