«Казцинк» еріктілерге арнайы білезіктер сыйлады «Казцинк» еріктілерге арнайы білезіктер сыйлады

2020 жыл Қазақстанда Еріктілер жылы болып жарияланды. Қамқор адамдар қиын өмірлік жағдайға тап болғандарға көмектесу үшін бүкіл ел аумағында бірікті. Әсіресе коронавирус пандемиясы кезінде жанашыр қазақстандықтардың көмегі өте қажет болды.


«Казцинк» Еріктілер жылы аяқталған кезде және өзінің туған күні қарсаңында өңіріміздің қамқор тұрғындарын ерекше атап өту үшін «Ыстық жүрек» деген ауқымды акция бастады.

Ізгілік пен ықыластылық символы ретінде жүректің суреті салынған 3 000 жарқын білезіктер әртүрлі мекемелердің өкілдеріне жөнелтілді. Олардың ішінде университет пен колледж студенттері, жастар ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер, жануарларға арналған баспаналар және еріктілер командасы бар.

Білезік алған ұйымдар оларды өз белсенділеріне және бірге жұмыс істеп жүрген жай қамқор адамдарға бере алады.

Осындай айрықша белгілер компанияның барлық бөлімшелеріне таратылды. Казцинктіктер Еріктілер жылы келісімен және бүкіл шектеу шаралары режімінің ішінде мұқтаж жандарға көмек беріп келеді. «Казцинктің» еліміздің алты елдімекеніндегі әр бөлімшесінде белсенді қызметкерлер қатарынан еріктілер тобы ұйымдастырылды.