«Казцинк» қайырымдылық акциясы аясында кішкентай емделушілерлерге сыйлықтар тапсырды «Казцинк» қайырымдылық акциясы аясында кішкентай емделушілерлерге сыйлықтар тапсырды

«Торпедо» хоккейшілері мен «Казцинк» металлургтері кішкентай емделушілерлерге жаңажылдық сыйлықтар тапсыру үшін облыстық ана мен бала орталығында (өңірлік балалар ауруханасында) болып қайтты. 

Жыл сайынғы акция коронавирус инфекциясы індетіне байланысты басқа форматта өтті. Жаңа жыл мерекесін медициналық мекемеде қарсы алатын балаларға қолдау көрсету үшін оған Өскеменнің жүздеген тұрғыны үн қосты. Ойыншықтар жинауға белгілі блогерлер көмектесті.

Сонымен бірге «Торпедо» хоккейшілері балалар ауруханасына жүзден астам ойыншық сатып алды, ал «Казцинк» әр сыйлыққа конфет жиынтығын қосты.

Еске сала кетерлігі – «Казцинк» жыл сайын «Торпедо» спорт клубымен бірлесіп, «Біздің басты жеңісіміз – балаларға!» атты қайырымдылық акциясын өткізіп келеді. Жанкүйерлер хоккей командасының желтоқсандағы ойындарына ойыншықтар ала келіп, жарыс аяқталғаннан кейін оларды мұз үстіне лақтырды. Торпедолықтар балалар аураханасына ойыншықтар апарды, ал казцинктіктер олардың жанына тәтті жиынтықтар мен жұмсақ қалпақтар қосты.