hero-bg

«Казцинк» шығарындылар мониторингінің автоматты жүйесін (МАЖ) орнатты «Казцинк» шығарындылар мониторингінің автоматты жүйесін (МАЖ) орнатты

10.05.2024
Компанияның барлық өндірістік алаңшаларында арнаулы датчиктерді орнату жұмыстары аяқталды, олардың деректері нақты уақыт режімінде мемлекеттік органдарға түсіп отырады.

Өскемен металлургия кешеніндегі (ӨМК) үздіксіз мониторинг жүйесі барлық негізгі шығарынды көздерін қамтиды. Оларға күкіртқышқылы заводы қондырғыларының құбырлары («классикалық тәсім», Хальдор Топсе және Лавалин), қорғасын заводының шаңтұту бөлімшелері және мыс заводының аспирациялық газ көздері жатады. Сондай-ақ бақылау датчиктері Үлбі өзеніне су көпсатылы сүзу жүйесінен кейін ағызылатын жалғыз суағызғыға орнатылған.

«Казцинк» әлемдегі жетекші өндірушілердің жабдықтарын пайдаланды. Қазір компания мамандары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-дағы әріптестерімен бірлесе отырып, МАЖ деректерін мемлекеттік реттеушіге беруді реттеп жатыр.

«Казцинк» экологтары, мониторинг жүйесін жетілдірумен қатар, шығарындылар көлемін азайту жұмысын жалғастыруда. Мәселен, 2023 жылы ӨМК-де табиғат қорғау іс-шараларын іске асыруға 700 миллион теңгеден астам қаражат бағытталды. Соның нәтижесінде шығарындылардың жалпы көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 932 тоннаға төмендетілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.