«Казцинкте» қызметкерлердің қауіпсіздігіне арналған цифрлық шешімдер енгізілуде «Казцинкте» қызметкерлердің қауіпсіздігіне арналған цифрлық шешімдер енгізілуде

Өскемен металлургиялық кешені алаңшасында алғаш рет «Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек қорғауға арналған цифрландыру» форумы өтті.

Форумға кеншілер мен металлургтер, сондай-ақ салалық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Риддер кен байыту кешені өздігінен жүретін машиналарды қашықтан басқару жүйесін сәтті енгізгені туралы айтты. «Алтай» КБК қызметкерлері кәдімгі смартфон арқылы электрондық жүктелім-тапсырмалар беру және басқару мүмкіндігін көрсетті. Өскемендік металлургтер мердігер ұйымдарды басқарудың бірыңғай цифрлық жүйесімен таныстырды.

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті жоғары технологиялық бастамаларға тиісті баға берді.

Мұның алдында «Казцинк» елімізде алғашқылардың бірі болып, инспекторлар металлургтер мен кеншілердің қауіпсіздігін қадағалай алуы үшін, Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдеріне цифрлық ресурстарға қолжетімділікті ашқан.