«Казцинк» компаниясы Білім басқармасымен және ШҚО Полиция департаментімен бірге жыл сайынғы «Қауіпсіздік үздігі» акциясын өткізді. Өңіріміздегі барлық бастауыш сынып оқушыларына қауіпсіз жүріп-тұру қағидалары жазылған түрлі-түсті үнпарақтар сыйланады.
Риддер, Өскемен, Алтай және Серебрянск қалаларының төменгі сынып оқушылары - 25 000-ға жуық бала жолда, көлікте және көшеде жүріп-тұру қағидалары жазылған екіжақты брошюраларды алады.
Үнпарақтың басты ерекшелігі - ересектермен бірге жұмыс істеуге арналған жолағы бар. Төменгі сынып оқушылары үлкендердің көмегімен қауіптілігі жоғары жерлерді көрсете отырып және жолда жазатайым оқиғаға тап болмау амалдарын ата-аналарымен талқылай отырып, мектепке баратын және мектептен кері қайтатын жолдарын бейнелей алады.
Төменгі сыныптың әрбір оқушысы екі жаднамадан алады: бірі - қазақ тілінде, екіншісі - орыс тілінде.
Брошюралар қалалық білім бөлімдеріне берілді, жақын арада қалалардың барлық оқушыларына таратылады.