«Казцинк» арнайы кітапханаға дамыту аймағын ашуға көмектесті «Казцинк» арнайы кітапханаға дамыту аймағын ашуға көмектесті

«Казцинк» Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханада балаларға арналған оқу алаңын ашуға көмектесті.

Ғимаратта кішкентай келушілер үшін арнаулы бөлме пайда болды. Мұнда ерекше балалар жиһазы, техника мен дамытушы ойындар қойылды.

Кітапхана 50 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Барлық жастағы зағип және көзі нашар көретін адамдар ақпаратты арнайы тасымалдағыштар арқылы ала алады. Сонымен қатар жұмысшылар мекеме ерекше адамдардың қарым-қатынасы мен өзара әрекеттесуіне арналған кеңістікке айналғанын айтады. Кітапханаға 2000-ға жуық оқырман келеді, олардың төрттен бірі – балалар.