«Казцинктің» қолдауымен Өскемендегі №36 мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар өз дағдыларын дамыта алатын арнаулы кабинет іске қосылды.
Бір жыл бұрын білім беру мекемесіне ерекше қажеттіліктері бар жиырма бала келе бастады. Инклюзивті тәсіл арқылы олар қалған оқушылармен бірге оқиды. Алайда, өткен оқу маусымында бейімделген әдістемені қажет ететін қыздар мен ұлдар инклюзивтік сыныпқа - балалардың мамандармен қосымша жұмыс істей алатын айрықша жабдықталған кеңістікке қатысу мүмкіндігінсіз сабаққа барған еді.
«Казцинктің» арқасында мектеп жаңа оқу жылын инклюзия кабинетімен бастады. Кең бөлмеде психологиялық жеңілдету бөлмесі орналасқан. Бұл үшін компанияның қатысуымен сынып жөнделіп, қажетті жабдықтар мен материалдар сатылып алынды.