Өскеменде орналасқан медициналық мекемеге заманауи операциялық үстелдер мен шамдалдарды «Казцинк» компаниясы сыйлады. Олар хирургиялық және травматологиялық бөлімшелердің операциялық блогына орнатылды. Шетелдік мүлік операциялардың сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді, дәрігерлердің уақыты мен күшін үнемдейді, сондай-ақ науқастардың оңалу кезеңін қысқартады.
Хирургиялық бөлімшеге арналған жаңа үстелдің кеңейтілген функционалы: қолмен және қашықтан басқару, сондай-ақ оған аз инвазиялық операциялар өткізу үшін түрлі кешендерді қосу мүмкіндігі бар. Техника 15 жылдан астам қызмет еткен жабдықты алмастырды.
Травматология бөлімшесіне ортопедиялық қондырмасы бар арнаулы жиынтық жеткізілді, ол заманауи операциялардың барлық спектрін жасауға мүмкіндік береді. Реттелетін қуатты шамдалдар авариялық қуат көзімен қамтамасыз етілген.
Дәрігерлердің айтуынша, жаңа жабдықта Шығыс Қазақстан өңірінің тұрғындарына жылына 3500-ге жуық операция жасалады.