«Казцинк» «Алтай» кен байыту кешеніндегі қалдық қоймасының шаңбасу жүйесін жаңғыртты «Казцинк» «Алтай» кен байыту кешеніндегі қалдық қоймасының шаңбасу жүйесін жаңғыртты

Объектінің батыс жағына жаңа су шашқыштар орнатылды. Жоғары қысымды су бүріккіштер қайтарымды суды шашыратып, жасанды жаңбыр мен қалың тұман туғызады. Қосымша қондырғылардың арқасында жағажайдың бүкіл периметрі үнемі ылғал күйде сақталады, бұл ауадағы шаңның мөлшерін, соның ішінде құрғақ және желді күндері де, барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Жобаның құны 160 миллион теңгеден асты. Қолданыстағы жүйе өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгерді – жоба іске қосылғаннан бері санитариялық-қорғау аймағының шекарасында шаң нормативтерінің асып кетуі ешқашан болған жоқ. Мамандар суландыру үшін пайдаланылатын судың қайтарымды болып табылатынын – оның қолданыстағы тоғаннан алынатынын және бүркуден кейін толығымен буланып кететінін айтуда.

Сонымен бірге қалдық қоймасында тотықтырғыш тоған карталары сорғы қондырғысы бар электр жерснаряды арқылы лайдан тазартылады.

«Казцинк» қалдық қоймасының қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөледі. Бөгетті нығайтудың арқасында құрылысжайдың сейсмикалық төзімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік туды. Сонымен қатар құтқарушылармен бірлесе тұрғындар арасында тұрақты ақпараттық жұмыстар жүргізіліп келеді. Жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарына арнаулы парақшалар мен бейнероликтер арқылы төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіз әрекет етудің маңызды ережелері таратылады.