«Казцинкте» – жаңа Бас директор «Казцинкте» – жаңа Бас директор

15.05.2024

Кен-металлургия компаниясын енді Жанат Жанботин басқаруда. Бұған дейін ол қаржылар жөніндегі атқарушы директор лауазымында істеген болатын.

Жанат Дүйсенұлы 1980 жылы туған, «Кен ісі» және «Экономика және қаржы» мамандықтары бойынша жоғары білімі, сондай-ақ бизнес-әкімшілендіру магистрі (МВА) дәрежесі бар.

Еңбек жолын банк саласында бастаған, қатардағы маманнан кредиттеу басқармасының бастығына дейінгі қызмет жолынан өтті. Жанат Дүйсенұлы 2007 жылдан бастап «Altyntau Kokshetau» АҚ-ның («Казцинк» ЖШС-нің еншілес кәсіпорны) құрамына кіретін «Васильковск КБК» АҚ-ында еңбек етті. 2021 жылдан бастап «Казцинктің» қаржылар жөніндегі атқарушы директоры лауазымында болды.